ХХ Жазғы Азия ойындарының алғашқы күнінде Қазақстан қоржынына 4 алтын, 2 қола медаль түсті
Жапонияда өтіп жатқан ХХ Жазғы Азия ойындарының алғашқы күнінде Қазақстан қоржынына төрт алтын, екі қола медаль түсті. Финалға шыққан каратэшілер Жоламан Биғабыл өзбекстандық, Софья Берульцева таиландтық қарсыластарын сенімді жеңді. Ал Алексей Луценко мен Рината Сұлтанова веложарыста мәре сызығын бірінші болып кескен. Бұл Луценконың жалпы Азия ойындарындағы бесінші алтыны.
Жарыс күнінің басында триатлоннан жеке бәсекеде Арлан Жаңабай қола медаль жеңіп алған еді. Тағы бір қоланы қазіргі бессайыстан Қазақстанның ерлер құрамасы иеленді.
ХХ Жазғы Азия ойындары Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өтіп жатыр. Жарыс 5 қазанға дейін жалғасады. Қазақстандық 558 спортшы 35 спорт түрі бойынша сынға түспек. Жалпы 45 мемлекеттің 11 мың спортшысы жүлдеге таласады.
Сайыстарды Қазспорт телеарнасы тікелей эфирде көрсетіп бастады. Бокс, дзюдо сияқты спорт түрлері Қазақстан ұлттық арнасынан трансляцияланады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы