Басты Жаңалықтар Үйге 11 метр: Көксайдағы зират мәселесі

Үйге 11 метр: Көксайдағы зират мәселесі

Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Көксай ауылының тұрғындары үйлерінің іргесіндегі зират аумағының кеңейтілгеніне алаңдаулы. Кей үйлер мен зират қоршауының арасы небәрі 11 метр. Тұрғындардың айтуынша, бұрын қорымның қоршауы баспаналарынан әлдеқайда алыс болған. Кейін аумақ кеңейтіліп, жаңа қоршау орнатылған. Ал еңіс жер сары топырақпен тегістелген. Тұрғындар бұл жағдай қауіпсіздігімізге де әсер ете ме деп алаңдайды.

Раушан Ғабитова, Көксай аулыынң тұрғыны:

Біз СЭС-ке де жүгіндік, ДЧС-қа да жаздық. СЭС-тің жауабы бойынша, жергілікті тұрғын үйлерден арақашықтығы 300 метр сақталуы керек, жерасты суларына мың метр сақталуы керек. Бізде қазір 300 метр тұрмақ, 100 метрде жоқ. ДЧС-тың акт-сі бар. Бұл үйінділер үйлерге қауіп төндіреді, жолды шайып кету қаупі бар деген.
Ақтолқын Төлепбекова, Көксай аулының тұрғыны:
Біз әзірге мазараттың жерін кеңейтіп қоршай береміз, бірақ адамдарды жерлемейміз деген. Ал адамдарды жерлеуін әкеп тоқтатып жатқан жоқ. Мазараттың жерін ескі қоршау күйінде қалдырып, жаңадан қосылған жаңа қоршауды алып, сарытопырақ жерге адамдарды жерлеуін тоқтатса.
Тұрғында үйдің де, жердің де құжаты түгел. Әкімдіктің өзі рұқсат берген, - деп отыр. Ал әкімдік жер телімі ауылдың бас жоспарына сәйкес бекітіліп кеткенін айтады. Нақтырақ айтсақ, Көксай ауылының бас жоспары Қарасай аудандық мәслихатының шешімімен үш жыл бұрын бекітілген екен. Әкімдік мәліметінше, бұл көне қорым, шамамен 1900 жылдары қалыптасқан, ал зираттың жалпы аумағы 8,13 гектар. 

Аркен Кенжебай, Іргелі ауылдық округі әкімніің орынбасары:

Бас жоспарға сәйкес, бұл жер бейіт боп бекітілген. Бірақ бұл кісілер салды үйді кезінде. Бірақ жеке кісіден алды ма учаскені біз оны анықтаған жоқпыз. Осы жердегі тұрғындар келіп, құжаттарын алып келсін көшірмелерін, біз өкілетті органдар бойынша: әкімшілігі бар, архетиктурасы бар, жер қатынастар бөлімі бар, басшыларын шақыртып тұрып, ортақ заңын қарап, заң аясында нақты жауабын береміз.


Бөлісу