Басты Жаңалықтар Ресейде жанармай тапшылығы күшейді

Ресейде жанармай тапшылығы күшейді

Әлемдік нарықта мұнай бағасы көтерілгенімен Ресейде жанармай тапшылығы күшеюде. Қыркүйек айының ортасында Ресейдің 85 өңірінде бензин сатуға шектеулер енгізіліп, өндіріс ішкі сұраныстың шамамен 70 пайызына дейін төмендеген. Бұған мұнай өңдеу зауыттарындағы өндірістің тоқтауы мен қуаттың қысқаруы себеп. Ресейдегі дизель отынын өндіретін ең ірі алты зауыттың жартысы жұмысын уақытша тоқтатқан. Бұл кәсіпорындар елдегі дизель өндірісінің шамамен жартысын қамтамасыз етеді. Ресей үкіметінің биылғы болжамында елдегі мұнай өндіру көлемі 494,2 миллион тоннаға, яғни тәулігіне шамамен 9,88 миллион баррельге дейін төмендеуі мүмкін. Бұл 2009 жылдан бергі ең төменгі деңгей.

Сергей Пикин, сарапшы:

Жағдай күннен күнге ушығуда. Ақпан айының соңынан бастап жанармай өндірісі төмендеуде. Ал сырттан бензин сатып алу үшін қажетті логистика жоқ. Бұл санкцияға байланысты. Сонымен қатар дизель отынының қоры да азайды. Күз-қыс маусымында дефицит артады.


Бөлісу