Үстел теннисінен Президент кубогі аяқталды
Астанада алты күнге созылған WTT Star Contender Astana 2026 President’s Cup халықаралық турнирі мәресіне жетті. Турнирдің қорытынды күніне вице-президент Ерлан Қарин қатысып, жекелей сында жеңімпаз атанған спортшы мен финалисті марапаттау рәсіміне қатысты. Әйелдер арасындағы жекелей сынның финалында Жапония өкілдері Хитоми Сато мен Мию Кихара кездесіп, соңғысы жеңіс тұғырына көтерілді. Ал, ерлер арасындағы жекелей сында Франция спортшысы Алексис Лебрен мен Германия өкілі Данг Цю бақ сынаСты. Кездесу қорытындысы бойынша чемпиондық атақты Данг Цю жеңіп алды. WTT Star Contender Astana 2026 President’s Cup турниріне әлемнің 29 елінен 160-қа жуық спортшы қатысты. Жарыстың жалпы жүлде қоры 300 мың АҚШ доллары.
Мию Кихара, жеңімпаз /Жапония/:
Мен Қазақстанға осымен үшінші рет келіп тұрмын. Мұнда түрлі деңгейдегі жарыстар жоғары деңгейде ұйымдастырылады. Өзім 4 жасымнан бастап үстел теннисімен айналысамын. Ойнап жатқан спортшылардың шеберлігінен-ақ жарыстың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын бағамдауға болады.
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада жыл соңына дейін тағы 70 мың ағаш егеді
21.09.2026, 13:15
Колумбиядағы өрт үдеп барады
21.09.2026, 13:12
Ресейде жанармай тапшылығы күшейді
21.09.2026, 13:09
Үйге 11 метр: Көксайдағы зират мәселесі
21.09.2026, 13:06
Ақтауда заңсыз сауда нүктелерін сүріп жатыр
21.09.2026, 13:03
700 мыңнан аса гектар жерге су үнемдеу технологиясы қолданылады
21.09.2026, 13:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Тазалық ең әуелі адамның сана-сезімінен басталуға тиіс»
21.09.2026, 11:12
Азия ойындарының екінші жарыс күні басталды
21.09.2026, 10:07