Маңғыстау облысында 4 адам балықтан уланып қалды
Маңғыстау облысының Басқұдық ауылында Ысталған балық жеген 4 адам уланып қалды.
Үш ересек пен кәмелетке толмаған бала қазір орталық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, зардап шеккендердің жағдайы ауыр. Барлық науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Оларға қажетті емдік шаралар жүргізіліп, ботулизмге қарсы сарысу егілген. Алдын ала болжам бойынша, адамдардың улануына үйдегі тоңазытқышта ұзақ уақыт сақталған балық себеп болған.
Марал Қадыр, облыстық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас эпидемиологы:
Бала Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне жеткізілді. Содан кейін облыстық ауруханаға үлкендер медициналық көмекке жүгініп бастады. Бүгінгі таңда науқастардың клиникалық жағдайына байланысты барлық симптоматикалық емдер және ағзасынан дезинтоксикациялық ем жүргізіліп жатыр.
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан шахматшылары бесінші рет жеңіске жетті
21.09.2026, 17:38
Түркістан облысында бұқаралық спортқа ерекше көңіл бөлінген
21.09.2026, 17:33
Астанада Олимпиада жүлдегерлері ағаш екті
21.09.2026, 17:30
Биыл ШҚО-да 6 млн-нан аса көшет еккен
21.09.2026, 17:27
Халал өнім өндірісі мен экспорты артып келеді
21.09.2026, 17:25
Нобель лауреаты қазақ оқырмандарға үндеу жолдады
21.09.2026, 17:22
Ел жаңалықтарына шолу
21.09.2026, 17:20
Қарағанды өңірінде 8 өрт сөндіру бекеті іске қосылған
21.09.2026, 17:17