Басты Жаңалықтар Қызылорда облысында үш теміржол вокзалы жаңартылды

Қызылорда облысында үш теміржол вокзалы жаңартылды

Қызылорда облысында үш теміржол вокзалының құрылысы аяқталды. Арал, Төретам және Жосалы станциясындағы ғасырдан асқан ғимараттар жаңарып, ел игілігіне берілді.

Олардың барлығы 1905 жылы «Орынбор – Ташкент» шойынжол құрылысы кезінде салынған. «Қазақстан Темір Жолы» компаниясының қаржыландыруымен тарихи маңызды нысандар заман талабына сай жаңғырды. Жосалы мен Төретам вокзалдары күрделі жөндеуден өтсе, Арал станциясының апатты жағдайдағы ғимараты сүріліп, жаңа вокзал бой көтерді. Бүгінде облыс аумағынан 15 жолаушы пойызы өтеді.

Сымбат Қыдырбекқызы, Арал қаласының тұрғыны:

Бұл ғимараттың салынуы Арал тұрғындары үшін де Аралға келетін көптеген қонақтар, туристер үшін де жаңа заманауи сапалы бір ғимарат болып тұр. Біздің Аралымыздың көркіне одан сайын көрік қосатын үлкен бір серпін әкелетін қуаныштарға толы ғимарат болатынына сенімдімін.


Бөлісу