Ақмола облысында жаңа көпірдің құрылысы аяқталды
Ақмола облысында Жақсы – Есіл – Бұзылық республикалық маңызы бар жолды күрделі жөндеу аясында салынған жаңа көпірдің құрылысы аяқталды.
Есіл өзені арқылы өтетін көпірдің ұзындығы 255 метр. Оның құрылысы Үкіметтің тапсырмасымен осыдан 3 жыл бұрын басталған. Жоба құны 5,5 миллиард теңге. Бүгінде толық аяқталып, пайдалануға берілді. Жарты ғасырдан аса пайдаланған ескі көпір апатты жағдайда болып, қайта-қайта жөндеуден өтіп, тұрғындардың қозғалысына біраз кедергі келтірген.
Дархан Иманашев, «Қазавтожол» ҰК АҚ басқарма төрағасы:
Президент тапсырмасына сәйкес жыл сайын Ақмола облысына 70 млрд көлемінде әр түрлі жұмыстарға қаражат бөлінеді. Орташа жөндеу, күрделі жөндеу. Соның аясында Президент бағдарламасының арқасында соңғы 3 жыл ішінде жолдың қанағаттандыру көрсеткіші 89 пайыздан 96 пайызға дейін ұлғайды.
Автор
Бибінұр Әмірханқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан шахматшылары бесінші рет жеңіске жетті
21.09.2026, 17:38
Түркістан облысында бұқаралық спортқа ерекше көңіл бөлінген
21.09.2026, 17:33
Астанада Олимпиада жүлдегерлері ағаш екті
21.09.2026, 17:30
Биыл ШҚО-да 6 млн-нан аса көшет еккен
21.09.2026, 17:27
Халал өнім өндірісі мен экспорты артып келеді
21.09.2026, 17:25
Нобель лауреаты қазақ оқырмандарға үндеу жолдады
21.09.2026, 17:22
Ел жаңалықтарына шолу
21.09.2026, 17:20
Қарағанды өңірінде 8 өрт сөндіру бекеті іске қосылған
21.09.2026, 17:17