Басты Жаңалықтар Биыл ШҚО-да 6 млн-нан аса көшет еккен

Биыл ШҚО-да 6 млн-нан аса көшет еккен

Соңғы бес жылда Шығыс Қазақстан облысының аумағында 40 милиионнан астам көшет егілді. Жас өскіннің көбі шырша, қарағай және үйеңкі сияқты қылқан жапырақты ағаштар. Ал Өскеменде көктем мен күзде апта сайын жаппай қалалық сенбілік өткізіледі.

Қала мен даланы жасыл желекке айналдыру Президенттің бастамасы. Сондықтан бұл тапсырманы бұлжытпай орындауда шығыстағы ел-жұрт көш бастап тұр. Биыл көктемнен бері 1,5 мың гектар жерге 6 миллионнан астам ағаш егілді.

Бақытжан Ерболқызы, волонтер:
Өзіміздің волентерлармен келіп қала бойынша көптеген  жерге ағаш ектік қой, өзіміз кеп қарап отырамыз негізінде. Бір күндік шара емес, ұзақ мерзімді ауқымды шара.

Шығыста 13 орман шаруашылығы, 2 қорық,  1 ұлттық парк бар. Сенбіліктен тыс орманшылар жыл сайын 2 мың гектарға жуық алқапқа көшет егеді.

Нұрымбет Сақтағанов, ШҚО әкімі:
Мынау 2021-2027-жылдары 2 миллиард ағаш егу тапсырмасы берілген, Президентімізбен. Біздің облыс бойынша 76 миллион ағаш егілу керек. Бүгінгі күні 46 миллионның үстінде ағаш егілді. Жылдың аяғына дейін 11 миллион қалған ағаштарды келесі жылы біз толық егіп, тапсырманы 100 пайыз орындаймыз деп сенеміз, сіздермен бірілесіп.

Бірлесіп істеген жұмыста береке бар. Бұл жолы «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акция аясында 700-ге жуық адам қатысып, Өскеменде 300-ге жуық көшет екті. Жалпы шығыста ерте көктемнен бастап күздің қара суығы түскенше көгалданыдру жұмысы жүргізіледі.


Бөлісу