Басты Жаңалықтар Қазақстан шахматшылары бесінші рет жеңіске жетті

Қазақстан шахматшылары бесінші рет жеңіске жетті

Қазақстан әйелдер құрамасы Өзбекстанның Самарқанд қаласында өтіп жатқан 46-шы Дүниежүзілік шахмат Олимпиадасында қатарынан бесінші жеңісіне жетті. Шахматшылар Германия құрамасын 2,5 : 1,5 есебімен ұтты. Командаға шешуші ұпайды Меруерт Камалиденова әкелді. Бибісара Асаубаева, Алуа Нұрман, Елназ Қалиахмет ойындарын тең аяқтады. Бес турдан кейін Қазақстан әйелдер құрамасы 100 пайыздық көрсеткішпен, яғни бес жеңіспен турнир кестесінде үшінші орында тұр. Бірінші орында Польша құрамасы, екінші орында Қытай командасы келеді.


Бөлісу