Алматы мен Астана әлемнің үздік 300 қаласының қатарына енді
Алматы мен Астана әлемдегі мың шаһардың ішінен үздік 300 қаланың қатарына енді.
Oxford Economics ұйымының Global Cities Index 2026 рейтингінде Алматы 265-орынға, ал Астана 281-орынға жайғасты. Ал еліміздегі бұл екі мегаполис Орталық Азия қалалары арасында көш бастап тұр.
Сондай-ақ, Алматы мен Астана адам капиталы бойынша жоғары нәтиже көрсетті. Анкара, Варшава, Ташкент сияқты ірі қалаларды артқа тастап, Алматы 66-орынды, Астана 98-орынды иеленді. Бұл көрсеткіште қала тұрғындарының білім деңгейі, білікті мамандардың әлеуеті және таланттарды тарту мүмкіндігі қамтылған.
Ал экономикалық жағынан Астана 264-орында, Алматы 288-орында тұр екен. Рейтингте бұл бағыттардан бөлек, өмір сапасы, қоршаған орта және басқару тиімділігі де ескерілген.
Айта кетейік, әлемдік рейтингтің алғашқы үштігінде Нью-Йорк, Лондон және Париж қалалары тұр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы