ШҚО-да таудағы туризм табыс көзіне айналды
Шығыс Қазақстан облысына соңғы 6 айда 200 мыңға жуық турист келген. Ел азаматтары тұмса табиғатын тамашаласа, шетелдіктер тарихи орындарға қызығады. Сондықтан әр бағыт бойынша арнайы туристік карта жасалды. Қазір өңірге келген қонақтарды қыдыртуға арналған 23 аумақ белгіленді. Олардың барлығы да таудағы туризм.
Көретін көрікті жер көп-ақ. Соңғы үш жылда шығыстың тұмса табиғатын тамашалап, саф ауасымен тыныстағысы келетінтер көбейді. Соған сәйкес туризм саласында еңбек ететін кәсіпкерлер де демалыс орындарын талапқа сай салып, көрсететін қызмет түрлерін көбейтіп жатыр. Риддер маңында ашылған бұл орталықтан жыл он екі ай туристер үзілмейді.
Иван Кайгородов, туристік орталық директоры:
Біздің Риддердегі таулар бір-біріне мүлде ұқсамайды Еуропа мен АҚШ-тан туристер негізінен сол үшін қыста келеді. Шана мен шаңғы тебеді. Қатал табиғат пен құз-жартасқа өрмелеп, шыңға шыққанда жақсы көреді. Біз соған сәйкес қызмет көрсетеміз.
Туристер Шарын шатқалы, Іле Алатауы, мен Алтынемел қорығы және Көлсайдағы көлдерге жиі барады. Маңғыстаудың маң даласы мен Бозжырасы, Атыраудағы көне Сарайшыққа да сапарлайды. Шығыстағы батыс Алтай қорығы мен Қатонқарайдағы Мұзтау, Рахман қайнары және Марақкөлге келеді. Соңғы жылдары экотуризм де жақсы дамыды.
Сымбат Рамазанов, облыстық туристік кеңесінің төрағасы:
Экотуризмді дамытқанда табиғатты қоршаған ортаны қорғап қалу мәселесін де ұмытпауымыз керек. Яғни бұл жерде экомәдениетті де туристердің ішінде қалыптастырумыз керек.
Қалыптасқан қағидаға сәйкес таудағы туризм үшін ең бастысы қауіпсіздік. Қазір өңірде инфрақұрылымы түзілген 23 туристік аумақта 450 демалыс нысаны бар. 2025-жылы шығысқа 366 мың, биыл соңғы 6 айда 200 мың турист келген. Салаға 10 миллиардқа жуық теңгенің инвестициясы тартылды. Кәсіпкерлер 4 миллиардтан астам теңге пайда тапқан.
Талғат Дәулетов, облыстық туристік ақпарат орталығы басшысының орынбасары:
Биылғы жылы Қатонқарағай ауданында осы ұлттық парктің ішінде 7 участок берілген. Әсіресе ауылдық туризм дамып келеді. Қонақ үйлер дейміз ауылдың ішіндегі.
Қатонқарағай мен Зайсанда әуежай және жоғары санаттағы қонақ үйлер пайдалануға берілген соң шығыстың туризмі жаңа деңгейге көтеріледі деген үміт бар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы