Қызылсуат ауылы табиғи газға қосылды
Бүгін Ақмола облысының Целиноград ауданындағы Қызылсуат ауылы табиғи газға қосылды. Көгілдір отынды ауыл халқы 20 жыл күткендерін айтады. Осы уақытқа дейін тұрғындар көмір жағып, газ баллонын тасып, пайдалануға мәжбүр болған. Енді бұл мәселе шешімін тапты. Газдың берілу рәсімі шашумен басталды. Қызылсуат тұрғындарының қуанышын Самал Қабышева жеткізеді.
Қызылсуатқа көптен күткен көгілдір отын жетті. Бұл елді-мекен тура Астананың іргесінде орналасқан. Әуежайдан 10 минуттық жердегі ауылға газ жоспар бойынша жыл соңында берілуі тиіс болған. Бірақ мердігер жұмысты мерзімінен бұрын аяқтап, тұрғындар табиғи газды бүгін тұтына бастады.
Мұхамедияр Исматов, Қызылсуат ауылының тұрғыны:
20 жыл бойы осы көгілдір отын келеді деп армандамаған едік. 20 жыл көмір жағып келдік осы уақытқа дейін. Отбасымда Құдай берген 5 балам бар, әке-шешем, осы қара шаңырақ біздікі. Газ болмағандықтан, жаңағы жижженный газ дейді, 5 сотық далаға үлкен емкость салып, сол арқылы жағып отырдық осы уақытқа дейін. Енді бүгінгі таңда бәрін өшіріп, міне, көгілдір отынға көштік.
Қызылсуаттағы әлеуметтік осал отбасыларға газға қосылуға қолдау қарастырылған.
Мәселен, әлеуметтік осал топтар үшін тұтынған газ көлеміне 20%-ға дейін
жеңілдік қарастырылған. Ал, табысы 85 мың теңгеден төмен отбасылардың үйін
газға қосуға әкімдік тарапынан 300 мың теңге мөлмешерінде әлеуметтік көмек
беріледі.
Елдос Рамазанов, Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары
Бұл - Мемлекет басшысы белгілеген елді мекендерді газдандыру бағдарламасының аудандағы кезекті нәтижесіне қол жеткізудеміз. Құрылыстың жалпы құны 1,5 млрд теңгені құрайды. Жоба толығымен аяқталған соң ауылдағы 600 абонент табиғи газбен қамтамасыз етіледі.
Ержан Балабеков, «QazaqGaz Aimaq» АҚ Астана өндірістік филиалының директоры:
Бүгінгі таңда 26-шы жылдың аяғына бізде толықтай Аршалы ауданының 17 елді мекен газға қосылған. Қызылсуат, Целиноград ауданы бойынша 9-шы елді мекен болып есептеледі. Екі жылдың ішінде 9 елді мекенге толықтай газ берілді және Қосшы қаласы облыстық деңгейдегі қала ретінде толықтай газдандырылды.
Самал Қабышева, тілші:
Бүгін Қызылсуат елді мекені толықтай газбен қамтылды. Ақмола облысында бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады. Келер жылы Тайтөбе, Бұлақсай, Қостомар, Михаилов, Сарыоба сынды елді мекендерді газбен қамту жоспарлануда.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы