Басты Жаңалықтар ІІМ: 69 жасөспірім есірткімен ұсталған

ІІМ: 69 жасөспірім есірткімен ұсталған

Елімізде жыл басынан бері есірткі қылмысына қатысты 69 жасөспірім ұсталған. Ұсталғандардың 40-ы есірткі өткізген, 27-сі аса ірі мөлшерде сақтаған, ал екеуі есірткіні жарнамалап, насихаттаған. Олардың 52-сі ер бала, 17-сі қыз. Мұны Ішкі істер министрлігі хабарлады. Жағдайға алаңдаған ведомсво басшылығы ата-аналарға мәлімдеме жасады. Балаларының жүріс-тұрысы мен араласатын ортасына мұқият болуға шақырды. Өйткені есірткіге қатысты қылмыстық жауапкершілік 16 жастан басталатынын ескертеді.

Бақытжан Әмірханов, ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің басқарма бастығы:

Құрметті ата-аналар мен заңды өкілдер! Сіздерді мынадай белгілер ерекше алаңдатуы тиіс: баланың қолында ақшаның немесе қымбат заттардың кенеттен пайда болуы, телефон мен хат алмасуды жасыруы, әр түрлі күмәнді скриншоттар. Қосымша табыс белгілері - орама қалташалар, шағын пакеттер, оқшаулағыш таспа, электрондық таразылар және басқа да күмәнді заттарға назар аударған жөн.


Бөлісу