Басты Жаңалықтар Кеңес беретін цифрлық жоба іске қосылды

Кеңес беретін цифрлық жоба іске қосылды

Елде есірткіге тәуелділік мәселелері бойынша кеңес беретін жаңа сервис іске қосылды. Antinarko.kz деп аталатын цифрлық жоба, қиын жағдайға тап болған адам қайда жүгінуі керек, қай жерден көмек ала алады және заңнамада қандай жауапкершілік көзделген сынды бірқатар сұрақтарға жасанды интеллект көмегімен жауап береді. Жаңа сервис Павлодар облысында таныстырылды. Цифрлық жоба есірткіге қатысты құқық бұзушылықтың алдын алуға, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, сондай-ақ консультациялық көмекті қолжетімді етуге бағытталған.


Бөлісу