Елде су үнемдеу технологиялары қолданылатын алқап 700 мың гектардан асты
Биыл шамамен 159 мың гектар жерге су үнемдеу технологиялары қолданылған. Үш жылда 702 мың гектарға жетті. Бұл – елдегі суармалы жерлердің 36 пайызы. Бұны Су ресурстары және ирригация министрлігі хабарлап отыр. Мемлекет басшысы Жолдауда ауыл шаруашылығында су ресурстарын үнемдеп, заманауи суару технологияларын кеңінен енгізуді тапсырған еді. Осы бағытта суармалы жерлерді жаңа жүйелермен қамту жұмыстары күшейтілді. Тамшылатып суару алқабы да алты есеге артып, 254 мың гектарға жетті. Ал жаңбырлатып суару жүйелері 379 мың гектарға енгізілген. Жаңа технологиялар суды орта есеппен 20-30 пайызға дейін үнемдей алады. Ал 2030 жылға қарай су үнемдеу технологияларымен қамтылған алқап көлемін 1,3 миллион гектарға жеткізу жоспарланып отыр. Бұл жыл сайын 2,2 миллиард текше метрге дейін су үнемдеуге мүмкіндік бермек.
Талғат Момышев, ҚР Су ресурстары және ирригация вице-министрі:
Фермерлерге берілген қолдау да көбейді. Жабдық сатып алу және орнату шығындарын өтеу 50 пайыздан 80 пайызға дейін өсті. Су ағысында берілетін субсидия 80 пайызға дейін жетті. 2026-28 жылдарға осы бағыт бойынша 214 млрд қарастырылған. Бұл өткен үш жылмен салыстырғанда 4 есе өсті. Осының нәтижесінде 25 жылы 874 текше метр су үнемделді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы