Басты Жаңалықтар Ресейде көші-қон талаптары күшейді

Ресейде көші-қон талаптары күшейді

Ресейде миграциялық бақылау күшейіп, шетел азаматтарына қойылатын талаптар қатаңдай түсті. Биыл алты айда шетел азаматтарына қатысты 100 мыңға жуық әкімшілік шығару туралы шешім қабылданған. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,6 есе көп. Ал Ресейге кіруге шамамен 200 мың шетел азаматына шектеу қойылған. Тағы 800 мыңға жуық адам бақылаудағы тұлғалар тізіміне енген. Биыл қыркүйектен бастап Ресейде 90 күннен ұзақ мерзімге келетін барлық шетел азаматы елге кіргеннен кейін 30 күн ішінде медициналық тексеруден өтуі тиіс. Тексеру барысында қауіпті инфекциялық аурулар, АИТВ, сондай-ақ есірткі және психотроптық заттарды қолдану фактілері қаралады. Жалпы, елде соңғы екі жылда мигранттарға қатысты 32 заң қабылданған.

Владимир Евсеев, сарапшы:

Шетелдіктердің кетуіне жұмыссыздық та сеп болуда. Елде күн сайын екі қолға бір күрек таппай жүргендердің саны артуда. Сондықтан шетелдік жұмысшыларға талап күшейе береді. Бұл құрылыс сияқты салаларға әсер етеді.
Бөлісу