Басты Жаңалықтар Бірнеше медиа ұйым Трамп әкімшілігіне қарсы сотқа шағым түсірмек

Бірнеше медиа ұйым Трамп әкімшілігіне қарсы сотқа шағым түсірмек

Американың «CNN», «MS NOW» телекомпаниялары мен «Политико» басылымы президент Дональд Трамп әкімшілігін сотқа беретінін мәлімдеді. Олар мұндай шешімді жұма күні өздеріне Ақ үйде жұмыс істеуге тыйым салынғаннан кейін қабылдап отыр. Ал Трапмқа сенсек, бұл медиа ұйымдар «ойдан шығарылған және жалған мәлімет» таратумен айналысып жүр. Қарсы жақ тағылған кінәні жоққа шығарып отыр.

Шағымданушы ақпарат құралдарына қолдау ретінде «Фокс-Ньюс», «ABC», «NBC», «CBS» телекомпаниялары да Трамп жайлы хабар таратудан бас тартты. Сондықтан президент БҰҰ Бас Ассамблеясының Нью-Йоркте ашылатын сессиясы және Қытай президенті Си Цзиньпинмен кездесуге медиакомандасыз аттануға мәжбүр болған.


Бөлісу