Басты Жаңалықтар Жапонияда 2 миллионға жуық адам эвакуацияланады

Жапонияда 2 миллионға жуық адам эвакуацияланады

Жапонияның шығысына «Дуцзюань» тайфуны соққы берді. Соңғы мәліметке қарағанда, жауындатқан дауылдан лай көшіп, 4 адам қаза тауып, алтауы жоғалып кеткен. Және де 50 мыңға жуық үй жарықсыз қалды. Мұны «NHK» телекомпаниясы хабарлап отыр. Оның дерегінше, жүздеген әуе рейсі доғарылып, пойыздар тоқтады. Сонымен қатар екі миллионға жуық адамға эвакуациялануға бұйрық берілген.
Жапония метеорологиялық агенттігі адам өміріне қауіп төнгенін хабарлағанымен, кейіннен сол қауіптің біршама сейілгені ескертті.
Тағы бір айта кететін жайт - «Дуцзюань» елдің Тынық мұхит жағалауындағы аудандарына сағатына 130 шақырым жылдамдықпен жетіп отыр.

Бөлісу