Басты Жаңалықтар Көк базардағы құрылыс 2028 жылға дейін жалғасады

Көк базардағы құрылыс 2028 жылға дейін жалғасады

Алматыдағы Көк базардың реконструкциясы тағы да кейінге шегерілді. Жөндеу жұмыстары 2023 жылы басталғанымен, нысанның қазіргі дайындығы небәрі 30 пайыз шамасында. Бастапқы жоспарға сәйкес, кейбір жұмыстар биыл мамырда аяқталуы тиіс еді. Алайда құрылыс мерзімі 2028 жылға дейін ұзартылды. Бұған ескі конструкциялардың күтпеген ақаулары себеп болған. Қазір базар әдеттегідей жұмыс істеп тұр. Тұрғындар жөндеу жұмыстары тезірек аяқталса дейді.

Әкімдік өкілдерінің айтуынша, базар ғимаратының ескілігі жөндеу барысында қосымша жұмыстардың пайда болуына себеп болған. Оның үстіне нысан толық жабылмай, қызметін жалғастырып тұр. Қазір жаңа павильонда инженерлік желілер, сондай-ақ Мақатаев көшесі жағындағы қасбет жаңартылып жатыр. Сондықтан реконструкция кезең-кезеңімен жүргізілуде. Ал жөндеу жұмыстары толық аяқталған соң қасбеттер, өрт қауіпсіздігі жүйелері мен қысқы павильон жаңарып, базар басқа кейіпке енеді.

Сұңқар Төлеутай, қалалық Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының бас маманы:

Құрылыс болғаннан кейін әртүрлі себепке байланысты жұмыс  істеу барысында қосымша қаражат талап етеді. Қосымша жұмыстарды талап етеді. Барлығына белгілі, ғимарат 70 жылдардан бері келе жатыр. Көп инфрақұрылымдарды жаңартуды талап етуіне байланысты жұмыстар 2028-ге созылуымен байланысты болып отыр.


Бөлісу