Басты Жаңалықтар Ақсу шатқалында көру алаңы ашылды

Ақсу шатқалында көру алаңы ашылды

Түркістан облысының Түлкібас ауданындағы  Ақсу шатқалында  жаңадан көру алаңы ашылды. Маңызды нысан «Ақсу-Жабағылы» мемлекеттік табиғи қорығының 100 жылдығына орай пайдалануға берілді. Шағын алаң алдағы уақытта туристерге Ақсу құз шатқалының керемет табиғатын тамашалауға және экологиялық туризмді дамытуға септігін тигізеді. Қорықта бұдан бөлек  танымдық экскурсиялар ұйымдастырылып, табиғатты жан-жақты таныстыру бағытында қызметтер көрсетіледі.

Айта кетейік, «Ақсу-Жабағылы» қорығы Орталық Азияда алғашқы болып ЮНЕСКО-ның биосфералық резерваттары желісіне енді. «Батыс Тянь-Шань» трансшекаралық нысаны ретінде ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне кірді. Өсімдіктер мен жануарлар әлемі өте бай. Қорықта арқар, тауешкі, марал, елік, қар барысы және сирек кездесетін құстар мен өсімдік түрлері бар.

Бөлісу