Басты Жаңалықтар Рөлін сол жаққа ауыстырып алған көлікпен жолаушы тасуға болмайды

Рөлін сол жаққа ауыстырып алған көлікпен жолаушы тасуға болмайды

Қазақстанда рөлін сол жаққа ауыстырып алған көліктермен жолаушыларды тасуға шектеу қойылмақ. Бұл жайында бүгін Үкіметтегі жиында Көлік министрі айтты. Бүгінде рөлі оң жақтағы 70 мың көліктің тізімі белгілі. Енді бұл тізімдегілер такси ретінде тіркеле алмайды. Жаңа шектеулер жолаушылар тасымалының қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған. Сондай-ақ орташа жылдамдықты бақылау жүйесі барлық республикалық және жергілікті жолдарға кезең-кезеңімен енгізілмек. Қазір мұндай жүйе тек ақылы жолдарда жұмыс істейді. Осының нәтижесінде сол учаскелердегі жол-көлік оқиғалары 10 пайызға азайған.


Бөлісу