Алакөлге қосымша электр желісін тартып жатыр
Абай облысындағы Алакөл жағалауына қуатты электр желісі тартылып жатыр. Туристік аймақта жоғары кернеулі тоқ көзінің тапшылығы шешілмей келе жатқан мәселе болатын. Жыл сайын жағалауда салынып жатқан құрылыстың көптігі жағдайды тіптен ушықтырған еді. 320-дан астам демалыс базасын электрмен қамтитын қосалқы станциялар жоғары жүктемемен істеп келген. Енді «Көктал – Алакөл» электр желісі мен 110 килловольт қосалқы станция мәселені түбегейлі шешпек. Жобаға 7,9 миллиард теңге бөлінген. 72 шақырымнан астам жоғарғы кернеулі желіні тарту жұмыстары аяқталуға жақын.
Алмас Нұрқасымов, учаске басшысы:
Бұрынғы шешілмей келе жатқан бір мәселе, электр қуатының жетіспеушілігі. Соған байланысты салынып жатқан жоба, қосалқы станциясы. Келесі кезеңге дейін мәселе толығымен шешіледі деп ойлаймыз. Осы қазан айының аяғына дейін толығымен аяқталады.
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: Каратэшілер 5 медаль ұтты
22.09.2026, 13:21
Ресей қатерлі ісікке қарсы бірнеше вакцинаны сынауда
22.09.2026, 13:09
Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді
22.09.2026, 13:06
Неміс автоконцерні төрт зауытты жабуды жоспарлап отыр
22.09.2026, 13:03
Рөлін сол жаққа ауыстырып алған көлікпен жолаушы тасуға болмайды
22.09.2026, 13:00
Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді
22.09.2026, 12:34
Ақсу шатқалында көру алаңы ашылды
22.09.2026, 10:07
Көк базардағы құрылыс 2028 жылға дейін жалғасады
22.09.2026, 10:06