Мемлекеттік мүлік бір цифрлық жүйге біріктіріледі
Елде мемлекеттік мүлік бір цифрлық жүйге біріктіріледі. e-Qazyna платформасында қазір 40 цифрлық сервис бар. Келесі кезеңде әр нысанның цифрлық профилі қалыптасады. Онда оның негізгі сипаттамалары, фотосы, географиялық координаттары және пайдалану туралы деректер жинақталады. Жүйе бос тұрған немесе артық мүлікті анықтауға, сондай-ақ жаңа нысан сатып алмас бұрын мемлекетте қажетті активтің бар-жоғын тексеруге мүмкіндік береді. 2029 жылға дейін ғимараттар, жер, көлік және басқа активтерді цифрлық есепке кезең-кезеңімен көшіру жоспарланған. Ал келесі кезеңде жасанды интеллект пен Big Data құралдарын енгізу көзделіп отыр. Олар мүліктің тозуы мен тиімсіз пайдаланылуын алдын ала анықтауға көмектеседі.
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Вице-Президент этносаралық келісімді нығайту мәселелері жөнінде республикалық кеңес өткізді
08.10.2026, 20:32
Жеті жылда 536 спорт нысаны салынды
08.10.2026, 20:30
Almaty SuperSki: Туризм мен білімге жаңа мүмкіндік
08.10.2026, 20:27
27 жас Мемлекеттік күзет қызметіне аттанды
08.10.2026, 20:23
Қазақ дипломаттары туралы кітаптың тұсаукесері өтті
08.10.2026, 20:21
Үкіметтік емес ұйымдар арасындағы байланыс артып келеді
08.10.2026, 20:20
«Әділет Керуені»: Шығыс Қазақстанда көшпелі қабылдау өтті
08.10.2026, 20:15
Кейбір дәріханалар мерзімі өткен өнімдерді сатқан
08.10.2026, 20:14