Басты Жаңалықтар Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясының 81 сессиясы ашылады

Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясының 81 сессиясы ашылады

Бүгін Нью-Йоркте БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 81 сессиясы ашылады. Алқалы жиында әлем лидерлері Таяу Шығыс пен Украинадағы қақтығыстарды, климаттың өзгеруі және жасанды интеллект мәселелерін талқылайды. Дебаттар 28 қыркүйекке дейін жалғасады. Биылғы сессияның негізгі тақырыбы – «Сенімді қалпына келтіру, өзгерістерді басқару: баршаның игілігіне қызмет ететін БҰҰ». Ұйымның дерегіне сай, жиынға 130-дай мемлекет және үкімет басшылары қатысады. Олардың әрқайсысына сөз сөйлеуге 15 минуттан беріледі. Алайда іс жүзінде бұл шектеу кейде сақталмайды. Мысалы 1960 жылы Куба лидері Фидель Кастро 269 минут бойы сөз сөйлеп, рекорд орнатқан еді.       


Бөлісу