Түркістан облысының алыс ауылдарына да асфальт төселуде
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясындағы іс шарада үкімет пен әкімдерге қала және ел ішіндегі, яғни ірі немесе шағын қалалардан тысқары жолдардың сапасына баса назар аударуы керектігін тапсырған еді. Бұл бағытта елімізде шалғай ауылдардың жолдары жөнделіп, асфальттау жұмыстары белсенді жүргізіліп жатыр. Мәселен Түркістан облысының Созақ ауданында ауылдардың ішкі жолдары толықтай жөнделіп, шалғай елдімекендердің инфрақұрылымын дамыту жұмыстары қарқын алған.
Облыс орталығынан шалғай жатқан Созақ ауылында 13 мыңдай халық тұрады. Елдімекенде тұрғын көбейген сайын жаңа көшелер қосылып, ішкі жолдар қиындық туғызып келген. Ал өткен жылы көшелерге су құбырлары тартылып, жол жөндеу жұмыстары уақытша тоқтап қалған болатын. Биыл тұрғын үйлерге су жүйелі тартылып біткен соң, көшелер шетінен жөнделе бастады. Бүгінде төрт көшенің 3 шақырымдай жолына асфальт жабындысы төселуде.
Бердияр Тоқтамысов, Созақ аулының тұрғыны:
Бұрын қиын еді, жаңбыр жауса, қар, жаңбырда көлік қатынасы қиындап, әбіржитін едік. Балдар мектепке баруға қиындау болатын еді. Балдарды илалап шығарамыз ғой лай, балшықта. Апарамыз, ой асфальтке іліндіреміз. Скорый зорға келеді ғой. Енді қазір жол жөнделіп жатыр. Көп жеңілдік болып жатыр құдай қаласа.
Созақ ауданында соңғы екі жылда асфальт жабындысы төселген ішкі жолдардың үлесі үлесі 66-дан 88 пайызға жеткен. Енді ауылдардың жылдар бойы жөндеу көрмеген ішкі көшелеріне тас төселіп, грейдерлік жолдар ретке келтірілуде. Қазір аудан көлемінде 45 шақырым жолды жөндеуге бюджеттен 1 млрд 800 млн теңге бөлінді.
Ербол Аманов, аудандық ТҮКШ бөлімінің басшысы:
Ендігі жерде ауылдың ішкі өтпелі көшелері сондай жерлер қалған бізде. Жыл соңына дейін біз 1 млрд теңгеге жуық қаржы, яғни 23 шақырым жолға асфальт саламыз деп жоспарлап отырмыз. Біздің қазіргі таңда 70 пайыз елдімекеннің жолдарын 100 пайызға асфальт жабындысымен қамтып отырмыз.
Орынбасар Дәулетбаев, Шолаққорған ауылының тұрғыны:
Үйге құрғанымызға екі айдың көлемі болды. Қазір осы «аристонымыз» да газға қосылып отыр. Келіндерімізге өте жеңіл болып қалды. Оттан құтылды, көмірден құтылды дегендей. Қыстың күні әсіресе.
Жаңадан газ тарату станциясы салынудың арқасында Жартытөбе, Аққолтық және Бабата елді мекендеріне табиғи газ құбыры тартылды. Құрылыс жұмыстары толықтай аяқталған соң, тұрғындарды табиғи газбен қамту кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы