Биыл Жамбыл облысында 50 мың ағаш еккен
Жамбылда жыл басынан бері «Таза Қазақстан» акциясы аясында 50 мың түп ағаш егілді. 8 шақырым көше жолдары тазартылды.
Сондай-ақ 900 шақырымға жуық арық жүйесі мен каналдар ретке келтірілді. Жалпы аймақта саябақтарды тазартып қана қоймай, абаттандыру жұмысының ауқымы артты. Көктемнен бері 700 мың шаршы метрден асатын саябақтар мен скверлер іші абаттандырылды. Нәтижесінде 10 мың тоннадан астам күл-қоқыс шығарылды. Ал Таразда 40-қа жуық тарихи орын толық тазартылды.
Айта кету керек, барлық жұмыстың басында өңірдің белсенді жастары жүр.
Айбек Қадыралиев, облыстық жастар ресурстық орталығының директоры:
Қала тұрғындары мен жастар осы Тараз қаласының таза болуына өзінің үлестерін қосуда. Біз мұнымен әлі бітпейміз. Сонымен қатар күзгі маусымдық жұмысты, сенбілік жұмыстарды әрмен қарай жастардың тарапынан жалғастыра бермекпіз. Жалпы өзіміздің ауламыздың тазалығына қалай қарасақ, қоғамдық орындарға да дәл сондай көзқарас керек.
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ақиқат» Ұлттық қоғамдық-саяси журналына 105 жыл
22.09.2026, 17:35
Түркістанда Оксфорд студенттері қазақша үйреніп жүр
22.09.2026, 17:30
Ел жаңалықтарына шолу
22.09.2026, 17:27
БҚО Шабдаржап ауылында су мәселесі шешілмей тұр
22.09.2026, 17:20
Түркістан облысының алыс ауылдарына да асфальт төселуде
22.09.2026, 17:17
Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясының 81 сессиясы ашылады
22.09.2026, 17:15
Түркияда мектепте атыс болды
22.09.2026, 17:12
Шымкентте алимент бойынша қарыз ₸6 млд-тан асты
22.09.2026, 17:10