Басты Жаңалықтар Ел жаңалықтарына шолу

Ел жаңалықтарына шолу

Мыңнан аса сарбаз білім грантына ие болды

Әскерден кейін білімін жалғастырған сарбаздар саны артты. Биыл «Сарбаз 2.0» жобасы аясында мерзімді әскери қызметін аяқтаған 1 745 әскери қызметші мемлекеттік білім беру грантына ие болды. Олардың мыңнан астамы жаңа оқу жылында жоғары оқу орындарына түсті.
Мектептерде 2-4 сынып оқушыларының аралық бағалауы өтеді
23-30 қыркүйек аралығында мектептерде 2-4 сынып оқушыларының алғашқы аралық бағалауы өтеді. Бағалау қазақ немесе орыс тілі, әдебиеттік оқу және математика пәндері бойынша жүргізіледі. Бір тапсырманы орындауға 40 минут беріледі. 2-сыныпта ең жоғары балл – 12, 3-сыныпта – 14, 4-сыныпта – 16 балл.

Туристер үшін жаңалық: Air Astana мен 5 өңір келісімге келді

Қазақстанның туристік картасы кеңейеді. Air Astana, Kazakh Tourism және бес өңір 2027 жылға арналған стратегиялық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Олар бірігіп Қазақстанды халықаралық нарықта туристік бағыт ретінде ілгерілетіп, шетелдік саяхатшылар ағынын арттыруды көздейді. Келісімге Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, Алматы, Ақмола және Маңғыстау облыстары қатысты.
WBO белбеуі үшін айқас: Жәнібектің екі бірдей қарсыласы анықталды
Жәнібек Әлімханұлы WBO чемпиондық белбеуі үшін рейтингте екінші тұрған Диего Пачеко немесе үшінші сатыдағы Джейкоб Бэнкпен жұдырықтасуы мүмкін. Британдық БАҚ өкілдерінің мәліметінше, мансабында жеңіліп көрмеген Пачеко 26 жекпе-жектің 19-ын нокаутпен аяқтаған. Ал Бэнк 20 кездесудің бәрінде жеңіске жетіп, 11 қарсыласын мерзімінен бұрын тоқтатқан. Айта кету керек, отандасымыздың нақты кіммен жұдырықтасатынын WBO чемпиондық комитеті шешеді.


Бөлісу