«Ақиқат» Ұлттық қоғамдық-саяси журналына 105 жыл
Биыл қазақ баспасөзінің тарихында өзіндік орны бар «Ақиқат» журналының жарық көре бастағанына 105 жыл толып отыр.
Мерейтой аясында Алматыда «Алаштың «Ақиқаты» атты мерейтойлық кітаптың тұсаукесері өтті. Сонымен қатар «Заман мен зиялы мінбері» атты ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды. Мақсат – журналдың тарихы мен тағылымын зерделеу, журналда қызмет еткен тұлғалардың өмірі мен рухани мұрасын насихаттау. 1921 жылдан бастап жарыққа шыққан басылымға Абдолла Асылбеков, Нығмет Нұрмақов, Смағұл Сәдуақасов, Сәкен Сейфуллин, Ораз Жандосов сияқты көрнекті тұлғалар басшылық етті. «Қызыл Қазақстаннан» бастау алып, ғасырға жуық уақыт бойы елдің шежіресін жазып келе жатқан бұл басылым – ұлт тарихының айнасы, зиялылардың мінбері, - деді жиында сөз алғандар.
Қоғамдық ойды ары қарай дамыту, ғылым, ұлт, тіл және мәдениет тағы да басқа салалардағы мақалаларды жариялау арқылы біздің өзіміздің сарапшыларымыздың, ғалымдарымыздың мақалаларын жариялау арқылы қоғамдық ойдың мінбері болуды «Ақиқат» журналы қарай қарай да жалғастыра береді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы