Астанаға 6 айда 830 мың турист келген
Биыл 6 айда Астанаға шамамен 830 мың турист келген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 12%-ға көп. Оның ішінде 187 мыңға жуығы — шетелдік туристер. Елордаға келген туристер қаланың ерекше сәулетімен қатар, тазалығы мен абаттандыруы жоғары бағалайды.
Дарик Вудден, турист:
Астанада айдың басында келдім. Заманауи,әдемі қала. Транспорт жүйесі де өте ыңғайлы. Америкалықтар Астана туралы бейнероликтер түсіріп бастады. Шетелдіктер осы қала туралы біле бастайтынына сенімдімін.
Эльвина Гафиятуллина, турист:
Бұл менің Астанаға алғаш келуім. Шаһар мені жылы ауа райы және қонақжай халқымен қарсы алды. Қала әлі де даму үстінде. Жеңіл рельсті көлік жүйесіне (LRT) мініп үлгердім. қаланың сәулеті де, тазалығы да жоғары деңгейде. Демалып, серуендеуге арналған жерлер жетерлік.
Навид Анвар, турист:
Астанаға келгеніме 3күн болды. Ғимараттары заманауи, көз тартарлықтай әдемі екен. Жеңіл рельсті көлік жүйесі (LRT) туристер үшін ыңғайлы, билеттерді тез сатып алуға болады, ағылшын тілі де жүйеге қосылған. Таксимен де жүріп көрдім, карта арқылы тез төлеуге болады. Бірақ әлі автобустарға отырып көрмедім. Айналамыз гүлдер мен ағаштарға толы.
Автор
Айнұр Маратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: қоржындағы медаль саны - 12
22.09.2026, 20:30
Қоқыс өңдеуге 200 млрд теңге бөлінеді
22.09.2026, 20:20
Скринингтен өту қажеттігі туралы хабарлама жіберіледі
22.09.2026, 20:19
Кәсіпкерлерге арналған реестр құрылды
22.09.2026, 20:18
Қайтарылған активтер есебінен екі мектеп бой көтерді
22.09.2026, 20:17
2-4 сынып оқушыларының 4 пәннен білімі тексеріледі
22.09.2026, 20:16
Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы ашылады
22.09.2026, 20:13
PISA-2025: Сандар сөйлейді, нәтиже не дейді?
22.09.2026, 20:12