Маркетплейстерге талап күшейеді
Маркетплейстерге талап күшейеді. Салықты төлемегендердің аккаунты бұғатталады. Бұл жөнінде Ұлттық экономика министрлігі ұсынған жаңа заң жобасында қарастырылған. Ведомствоның мәліметінше, маркетплейстер арқылы 2 триллион теңгеден астам қаржыға тауар сатылған. Бірақ интернет, түрлі платформалармен онлайн сауданы қыздырып отырғандардың көбі салық төлемейді. Ал курьерлік қызметтердің мәліметтеріне сәйкес, 200-250-ден астам шетелдік компаниядан қазақстандықтар түрлі зат сатып алады. Алайда, елімізде 120 шетелдік компания шартты тіркеуден өткен. Демек, қалғаны тіркелмеген, салық төлемейді. Енді оларға талап қатаң. Салық төлемейтіндерді анықтау үшін екінші деңгейлі банктер арқылы төлемнің қалай жүргізілгенін анықтайтын жүйені жетілдіру қолға алынды.
Ұлдана Сүлеймен, ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің басқарма сарапшысы:
2027 жылдан бастап Қазақстан Республикасының салық кодексіне өзгерістер енгізу жоспарлануда. Өзгерістер салық заңнамасының талаптарын орындамаған сатушыларға қатысты. Интернет платформада тауарларды сатуды уақытша тоқтату механизмі қарастырылады. Бұл шара нақты бір сатушыға ғана бағытталып, салық органының тиісті хабарламасын орындамаған жағдайда ғана қолданылады. Бұл ретте бүкіл интернет платформаны немесе маркетплейсті бұғаттау көзделмейді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы