Басты Жаңалықтар Азия ойындары: қоржындағы медаль саны - 12

Азия ойындары: қоржындағы медаль саны - 12

Енді Азия ойындарына ақпаарат. Ұлттық құрама спортшылары сары құрлық бәсекесіне тыңғылықты дайындалып барды. Байрақты бәсекенің үшінші күнінде ел қоржынына тағы 4 медаль түсті. Оның 2-уі алтын. Жапонияда жүрген әріптесім Асылбек Данияр тарқатсын.

Асылбек Данияр,тілші:

2 алтын, 1 күміс, 2 қола. Қара белеу иелері Азияданы үздік көрсеткішпен аяқтады. Татамиге шыққан 6 каратэшінің бесеуі елге жүлдемен оралады. Бәсекенің соңғы күнінде жас спортшы Бэлле Самашева мен өткен Азия ойындарының чемпионы - Нұрқанат Әжіқанов жүлдені қанжығаға байлады. Екеуі де жарысты ширек финалдан бастады. Бэлла финал жолдамасы сарапқа салынған жекпе-жекте сүрінсе, Нұрқанат алғашқы кездесуінде жеңілді. Десе де қос спортшы қола жүлде үшін болған бәсекеде қарсыластарынан мықты екенін дәлелдеді. Каратэден Ұлттық құраманың бас бапкері шәкірттерінің нәтижесі мен құлшынысына жоғары баға берді.

Берік Қасенов, Каратэден ұлттық құраманың бас бапкері:

Шынымды айтсам, балаларға көңілім толады. Үш ұл да, үш қыз да өте жақсы өнер көрсетіп шықты. Негізі үшеуі де лайықты еді алтынға. Бұйырғаны сол болып тұр, іштей қынжылып тұрмыз. Төрелік жағынан біреуден көргім келіп тұрған жоқ енді. Бірақ, балаларға ешқандай өкінішім жоқ. Бәрі өздерінің қолынан келгенін істеді. Ризамын!

Аралас жекпе-жек шеберлері де қалысар емес. Олар да вело шабандоздар мен каратэшілерден секілді қос алтыннан еншіледі. Бұл жүлделердің тарихи маңызы зор. Өйткені, ММА алғаш рет Азиаданың бағдарламасына еніп отыр. Демек, қазақ жігіттері сары құрлық бәсекесінің тұңғыш чемпиондары деп есептеледі. 77 келі салмақтағы Еркінғали Бүркіталин шешуші айқаста Бахрейн өкілінен мықты екенін дәлелдеді. Сонымен бірге, 71 келіде замануи стиль бойынша жекпе-жекке шыққан Қадырбек Шынбаев та жеңіс тұғырынан көрінді. Жерлесіміз финалда байрығы қарсыласы тәжік спортшысын қапы қалдырды.

Қадырбек Шынбаев, аралас жекпе-жектен азия ойындарының чемпионы:

ХХ Жазғы Азия ойындарының үшінші күнінін атлеттеріміз 2 алтын, 2 қоламен қорытындылады. Қазіргі жалпы командалық есепте Қазақстан 6 алтын, 1 күміс, 5 қоламен төртінші орында тұр.
Бөлісу