Басты Жаңалықтар Түркияда жасөспірім оқушыларға оқ атып, 11 адам жараланды

Түркияда жасөспірім оқушыларға оқ атып, 11 адам жараланды

Түркияның Маниса провинциясына қарасты Тұрғытлы қалашығындағы мектептердің бірінде таңғы сағат сегіздер шамасында балаларға оқ атылып, 11 адам жараланды. Ауыр жараланған 3 балаға операция жасалды. Екі оқушының жағдайы ауыр. Қанды қылмысқа барған осы мектептің 10-сынып оқушысы екені анықталды. Ол атасы мен әжесінің үйіне барып, әжесінің атына тіркелген аңшы мылтығын алып кеткен. Оның мұндай ауыр қылмысқа не үшін барғаны әзірге белгісіз. Түркияда биыл жыл басынан бері осымен үшінші рет мектептерге қарулы шабуыл жасалды.

Ақын Гүрлек, Түркияның ішкі істер министрі:

Мылтықтың бала қолына қалай түскені, қарудың қалай сақталғаны, ата-анасының балаға қалай қарағаны туралы жан-жақты тексеріс жүріп жатыр. Балаға әлімжеттік жасалды ма деген мәселе де қарастырылуда. Балаларымыздың өміріне қауіп төндірген бұл қылмыс заң аясында барынша тергеліп, кінәлілер тиісті жазасын алады.
Бөлісу