Басты Жаңалықтар Домбырадан эстрадаға дейін: Айзат Қарабекова ұлттық өнерді сахнада таныстырады

Домбырадан эстрадаға дейін: Айзат Қарабекова ұлттық өнерді сахнада таныстырады

Домбырадан эстрадаға дейін: Айзат Қарабекова ұлттық өнерді сахнада таныстырады

7 қарашада ҚР Мемлекеттік күзет қызметі Президенттік оркестрінің ән және эстрада ансамблінің солисі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Айзат Қарабекованың концерті өтеді. Қазақстанның вокал өнерінің жарқын өкілі дәстүрлі қазақ әндерін домбырамен орындауды заманауи эстрадалық бағытпен үйлестіретін өзіндік ерекше стилімен танымал.

Айзат Қарабекованың өнер көрсеткен елдер географиясы Қазақстанмен ғана шектелмейді. Ол Франция, Германия, Австрия, Чехия, Түркия, Оңтүстік Корея және Ресей сахналарында қазақтың ұлттық музыкалық өнерін дәріптеп, шетелдік көрерменге қазақ мәдениетінің бай мұрасы мен ұлттық өнердің ерекшелігін лайықты таныстырып келеді.

Қазіргі таңда өнер иесі Президенттік оркестр құрамында белсенді концерттік қызметін жалғастырып, халықтың өнер мен ұлттық дәстүрлерін дәріптеуіне елеулі үлес қосып келеді. 7 қарашада өтетін шара еліміздің мәдени өміріндегі тағы бір жарқын оқиға болмақ.

Бөлісу