«Қазатомөнеркәсіп» компаниясының топ-менеджері ұсталды
«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясының топ-менеджері Қуаныш Омарбеков ұсталды. Ол «Самұрық-Қазына» қорының бұрынғы басшылығы ұйымдастырған сыбайлас жемқорлық схемасына қатысы бар деген күдікке ілінді. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Ресми дерек бойынша, ұсталғандардың қатарында өзге де азаматтар бар. Қазір барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалған. Еске салсақ, «Қазатомөнеркәсіп» – уран өндіру және оны экспорттаумен айналысатын әлемдегі ірі компаниялардың бірі.
Қайырлы Ахмет, ҚР ҰҚК ресми өкілі:
Олар «Самұрық-Қазынаның» бұрынғы басшылығы ұйымдастырған сыбайлас жемқорлық схемасына қатысы бар деген күдікке ілінді. ҚР қылмыстық кодекстің 367 бабының 4 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы