«Жастар біліксіз блогер мен керағар коучке еліктейді»
Жастар біліксіз блогер мен кереғар коучке еліктейді. Бүгін Құрылтай депутаты Дихан Қамзабекұлы қоғамдағы осы өзекті мәселені көтеріп, депутаттық сауалын жолдады. Оның айтуынша, қоғамға инженерлер, ғалымдар, өнертапқыштар мен технология мамандары ауадай қажет. Сондықтан оқушыларға отандық ғылымның көрнекті өкілдерін үлгі етуді, ғалымдар мен өнертапқыштардың беделін арттыратын арнайы жоба әзірлеуді, оларды насихаттауды ұсынды. Жаңа Конституцияда ғылым мен инновация ел дамуының маңызды құндылығы ретінде айқындалғанын негізге алған депутат, жоғарыда аталған ұсыныс білім беру жүйесінде нақты іске асуы керек екенін жеткізді.
Дихан Қамзабекұлы, Құрылтай депутаты:
Өкінішке қарай, бүгінгі жасөспірімдер мен жастардың біршама бөлігі қайбір біліксіз блогер мен кереғар коучке еліктейтіні, тіпті көп тер төкпей-ақ мол қаржы табуға сенетіні байқалады. Бұл – дана Абай сынаған «бес дұшпан істің» жолы. Президент айтқан озық ойлы ұлт жауапты, алғыр оқушыдан, сол ұл-қызға екі есе жауапты ата-ана мен мұғалімнің маңдай терінен қалыптасады.
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Вице-Президент этносаралық келісімді нығайту мәселелері жөнінде республикалық кеңес өткізді
08.10.2026, 20:32
Жеті жылда 536 спорт нысаны салынды
08.10.2026, 20:30
Almaty SuperSki: Туризм мен білімге жаңа мүмкіндік
08.10.2026, 20:27
27 жас Мемлекеттік күзет қызметіне аттанды
08.10.2026, 20:23
Қазақ дипломаттары туралы кітаптың тұсаукесері өтті
08.10.2026, 20:21
Үкіметтік емес ұйымдар арасындағы байланыс артып келеді
08.10.2026, 20:20
«Әділет Керуені»: Шығыс Қазақстанда көшпелі қабылдау өтті
08.10.2026, 20:15
Кейбір дәріханалар мерзімі өткен өнімдерді сатқан
08.10.2026, 20:14