Басты Жаңалықтар Трамп Гренландияны басып алудан бас тартты

Трамп Гренландияны басып алудан бас тартты

Гренландия үкіметі мен тұрғындары АҚШ-пен жасалған әскери пактіге қошемет білдірді. Өйткені оның нәтижесінде президент Дональд Трамптың бұл арктикалық аралды басып алу жоспарынан туындаған қауіп сейіліп отыр. Мұны «Рейтер» хабарлады. Дегенмен агенттіктің дерегінше, Гренландияда Вашингтонға күдікпен қарайтындар әлі де баршылық.

Айта кетсек, аталған құжатқа АҚШ, Гренландия, Дания басшылары Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының сессиясы аясында қол қойды. Үшжақты мәмілеге сәйкес, АҚШ енді Қытай мен Ресейден төнген қауіпті алға тартып, Гренландияны өзіне қосып алмайды. Бірақ Құрама Штаттар 57 мың адам тұратын аралдағы әскери базаларын қайта ашып, ондағы қарулы күштерінің санын көбейтетін мүмкіндікке ие болып отыр.

Бөлісу