Басты Жаңалықтар Премьер-министр мұнай өңдеу мәселелері бойынша кеңес өткізді

Премьер-министр мұнай өңдеу мәселелері бойынша кеңес өткізді

Премьер-министр Олжас Бектенов мұнай өңдеу саласын дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді. Жиында Президенттің салаға қатысты тапсырмаларының орындалу барысы талқыланды.

Елімізде мұнай өңдеу қуатын арттыру жұмыстары жалғасып келеді. 2030 жылға қарай Шымкент зауытының қуаты 12 млн тоннаға, ал 2031 жылға қарай Павлодар зауытының қуаты 9 млн тоннаға жеткізіледі. Атырау мұнай өңдеу зауытының қуаты 6,1 млн тоннаға дейін ұлғайтылады. Осы жобалар іске асса, үш зауыттың жалпы қуаты жылына 28,8 млн тоннаға жетеді. Сонымен қатар Шымкент зауытының инфрақұрылымы кеңейтіледі. Кеңес барысында төртінші мұнай өңдеу зауытын салу мәселесі де қаралып, оның қуаты, орналасу орны, шикізат базасы және экономикалық моделі бойынша шешім қабылдау тапсырылды. Премьер-министр тиісті бағалауды жыл соңына дейін аяқтап, жобаның негізгі параметрлерін айқындауды міндеттеді.


Бөлісу