Басты Жаңалықтар Қазақстан – әлеуметтік мемлекет

Қазақстан – әлеуметтік мемлекет

Қазақстан Конституциясында өзін әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырған.

Бұл – азаматтардың әл-ауқатын арттыруға, әлеуметтік тұрғыдан қолдауға және негізгі қажеттіліктерін қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік саясаттың маңызды қағидаты. Жәрдемақылар мен зейнетақылар, медициналық көмек және әлеуметтік қолдау жүйесі - осы бағыттағы негізгі тетіктердің бірі. Ал тұрғындардың өзі әлеуметтік мемлекетті қалай түсінеді? Пікірін білейік.

- Қазақстан шынымен де әлеуметтік мемлекет. Бізде адам туылғаннан бастап бір жыл бойы мемлекеттен өтемақылар төленеді және де жалғызбасты аналарға, қарт кісілерге зейнетақы төленеді, медициналық көмек те беріледі.
- Менің ойымша, әлеуметтік мемлекет деген өзінің азаматтарына көмек көрсете алатын, әлеуметтік жағынан қолдай алатын азаматтарды сондай мемлекет деп есептеймін.
- Мысалы үйлерге неше түрлі мемлекеттен көмек беріліп жатыр. Мысалы, жағдайлары жоқ кісілерге, мысалы, мүгедек адамдарға, инвалидность барларға өте көп, мысалы сондай қазір программалар өте көп мемлекеттен болып жатыр.
Бөлісу