Басты Жаңалықтар Жыл басынан бері 378 киберқылмыс тіркелген

Жыл басынан бері 378 киберқылмыс тіркелген

Цифрлық технология күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналған сайын, құқықтық мәдениет ұғымы да жаңа мазмұнмен толығып келеді. Мемлекет басшысы Жолдауында онлайн-алаяқтық азаматтардың қаржылық қауіпсіздігіне зиянын тигізіп отырғанына  тоқталып, киберқылмыстың алдын алуды күшейту қажеттігін айтқан еді. Бұл мәселенің Шымкенттегі көрінісіне келсек, жыл басынан бері киберқылмысқа қатысты 378 қылмыстық іс тіркеліп, келтірілген шығын 1 миллиард теңгеден асқан. Оның 228 миллион теңгесі өндіріліп, иелеріне қайтарылды. Сондықтан қарапайым қауіпсіздік талаптарын сақтау мен цифрлық сауатты арттыру маңызды, дейді мамандар. Бұл ретте шаһарда «Кибермәдениет» айлығы өтіп, тұрғындарға қауіптен сақтану жолдары түсіндіріліп жатыр.

Ернұр Қырғызбаев, қалалық Цифрландыру басқармасы басшысының орынбасары:
Неге сіздерге екі факторлы аутентификация қолданыңыздар деп жатырмыз. Түскен жағдайда да оларға рұқсаттама берілмейді және неге күшті пароль қолданыңыздар деп жатырмыз. Brute Force деген тәсіл бар. Подбор пароля. Оңай тәсілмен сіздердің парольдарыңызды алып алады.


Бөлісу