Басты Жаңалықтар Ресейде Қ.Сәтбаевқа арналған көрме ашылды

Ресейде Қ.Сәтбаевқа арналған көрме ашылды

Ресейдің Томск қаласында біртуар ғалым академик Қаныш Сәтбаевқа арналған көрме ашылды. Қазақтың тұңғыш инженер-геологына бұл қалада ерекше құрмет көрсетіледі. Олай болатыны, Сәтпаев жоғары білімді осы қала алған.  Болашақта Сәтбаев атындағы стипендияны тағайындау да жоспарда бар.

Қаныш Сәтбаев Томск қаласында политехникалық университетінде білім алып, осында геология саласындағы алғашқы кәсіби жолын бастаған.
Қазақ геология ғылымының негізін қалаған тұлғаның есімі Томск политехникалық университетінде әлі күнге дейін ұлықталады. Мұнда ғалымның атындағы аудитория да бар. Ал университет музейінде Қаныш Сәтбаевтың өмірі мен ғылыми қызметіне арналған арнайы бұрыш жасақталды.
Светлана Григорьева, Томск политехникалық университетінің қызметкері:

Біздің оқу орнының ең беделді түлектерінің бірі – Қаныш Сәтпаев. Сондықтан арнайы бұрышта оның суреттері, жеке заттары, кітаптары, медальдары ұсынылған. Қолымыздан келгенше мұражай қорын толықтыруға тырысып жатырмыз.
Университет мамандары әйгілі қазақ ғалымының осы оқу орнында білім алғанын мақтан тұтады. Қаныш Сәтбаевтың ғылыми жолы кейінгі ұрпаққа үлгі болсын деген мақсатта мұнда жыл сайын конференциялар ұйымдастырылып, оның мұрасына арналған еңбектер жарық көреді.
Мария Князева, ғалым:

Жалпы біз Қазақстанмен байланысты нығайтудамыз. Осындай шаралар екі елдің ғылымының дамуына сеп болады. Біз қазақ ғалымдарының құрметін ерекше бағалаймыз.

Ғалымға арналған көрме – екі ел арасындағы тарихи және ғылыми байланыстың бір көрінісі. Ал Қаныш Сәтбаевтың мұрасын насихаттауға бағытталған шаралар алдағы уақытта да жалғасын таппақ.


Бөлісу