Жамбыл облысында «Таза Қазақстан» экоакциясына 80 мыңдай адам қатысқан
Жамбылда жыл басынан бері «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына 80 мыңға жуық адам атсалысты. Сондай-ақ 2 мыңнан аса кәсіпорын, 3 мың ерікті мен қоғам белсенділері қтысты.
Нәтижесінде 48,5 мың түп жасыл желек отырғызылып, саябақтарды абаттандыру
ауқымы 700 мың шаршы метрге жетті. 900 шақырымға жуық арық жүйелері тазаланды.
Жалпы Президент тапсырмасымен жүзеге асып жатқан акцияның өңірлік жоспары 2029
жылға дейін бекітілген. Ол 47 іс-шарадан тұрады. Оның 19-ы қоршаған ортаны
жақсартуға, қалғаны экологиялық білім беруге бағытталған. Ал биыл өңірде 15
тазалық акциясы өтті.
Қайсар Бектібаев, Жамбыл облысы
бойынша экология департаменті басшысының орынбасары:
Жасыл-желектерді күтіп ұстау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл бір реттік қана акция емес, жалпы тазалықты әрбір отбасы, жеке азамат өзінің отбасынан бастау керек деп есептейміз. Сонда ғана біз экологиялық мәдениетті арттырып, осы аймақтың тазалығын күтіп ұстау бойынша тиісті жұмысқа, нәтижеге қол жеткізе аламыз.
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
СҚО-да экологиялық интерактив ұйымдастырылды
23.09.2026, 17:36
Ресейде Қ.Сәтбаевқа арналған көрме ашылды
23.09.2026, 17:29
Жыл басынан бері 378 киберқылмыс тіркелген
23.09.2026, 17:27
Қазақстан – әлеуметтік мемлекет
23.09.2026, 17:26
Қазақстан мен Қытай арасындағы медиа байланыс күшеймек
23.09.2026, 17:24
Қазақстан – Қытай экономикалық ынтымағы нығая түседі
23.09.2026, 17:21
Премьер-министр мұнай өңдеу мәселелері бойынша кеңес өткізді
23.09.2026, 17:19
Электр энергиясына сұраныс артып келеді
23.09.2026, 17:17