Басты Жаңалықтар СҚО-да экологиялық интерактив ұйымдастырылды

СҚО-да экологиялық интерактив ұйымдастырылды

Солтүстік Қазақстан облысында «Таза Қазақстан» акциясы аясында экологиялық интерактив ұйымдастырылды. Қатысушылар үшін төрт арнайы станция әзірленіп, тапсырмалар ойын форматында өтті. Жастар блиц-сауалнамаға қатысып, білімдерін сынады. Сондай-ақ қоршаған ортаға қатысты түрлі мәселелерді көтеріп, табиғатты қорғауға қалай үлес қосуға болатынын талқылады. Жыл басынан бері өңірде жастар ресурстық орталықтары мен еріктілердің қатысуыме 400-ден аса іс-шара өткізілген. Оның қатарында сенбіліктер мен көгалдандыру жұмыстары, шеберлік сабақтары, зияткерлік ойындар және түрлі экологиялық акциялар бар.

Анастасия Волкова, облыстық жастар ресурстық орталығының жетекшісі:
Біздің басты мақсатымыз – қатысушылардың көңіл-күйін көтеріп қана қоймай, қоршаған ортаға пайдасы тиетін кем дегенде бір игі іс жасауға ынталандыру. Белсенді қатысушыларға түрлі сыйлықтар, оның ішінде арнайы жапсырмасы бар су мен тәттілер табыстадық.


Бөлісу