Басты Жаңалықтар Шекарадағы өткізу бекеттері жаңартылды

Шекарадағы өткізу бекеттері жаңартылды

Қазақстан шекарасындағы өткізу бекеттерінің мүмкіндігі едәуір артты. Соңғы үш жылда жаңғырту жұмыстарының нәтижесінде автомобиль өткізу пункттерінің жылдық өткізу қуаты 2 миллионнан 5 миллион көлікке дейін ұлғайды. Цифрландыру кеден рәсімдерін де жеделдетті. Электронды жүйелер арқылы кедендік ресімдеудің орташа уақыты 11 сағаттан 3,5 сағатқа түсті. Ал Қытай–Қазақстан–Орталық Азия бағытымен жүретін контейнерлік пойыздың рәсімделуі 3 сағаттан 30 минутқа дейін қысқарды. Өткізу мүмкіндігінің артуы көлік ағынын да көбейтті. 2022 жылы сыртқы шекарадағы автомобиль бекеттерінен 640 мыңға жуық көлік өтсе, былтыр бұл көрсеткіш 1,7 миллионға жетті. Жұмыстың келесі кезеңі Ресей және Қырғызстанмен шекарадағы өткізу пункттерін 2030 жылға дейін жаңғырту.

Ғабит Оразов, ҚР ҚМ мемлекеттік кірістер комитеті кедендік бақылау департаментінің директоры:

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Қаржы министірлігімен бүгінгі таңда кешенді жұмыстар атқарылуда. Қытаймен, Өзбекстанмен және Түркіменстанмен шекарада 9 автокөлік өткізу пунктері қайта жаңғыртудан өткен болатын және 2025 жылы толық іске қосылып, өткізу пунктерінің аумағы кеңейтіліп және көлік өту жолақтары 2 жолақтан 6 жолаққа дейін кеңейтілді.


Бөлісу