Басты Жаңалықтар Әскери қызметшілердің қазасына байланысты Үкімет комиссия құрды

Әскери қызметшілердің қазасына байланысты Үкімет комиссия құрды

Маңғыстау облысындағы әскери қызметшілердің қазасына байланысты Үкіметтік комиссия құрылды. Олжас Бектенов комиссия төрағасы Қанат Бозымбаевқа оқиға орнына шұғыл барып, әскери қызметшілердің қаза болу себептерін тергеп-тексеруді қамтамасыз ету және қаза тапқандардың отбасыларына қажетті көмек көрсету шараларын қабылдауды тапсырды.

Каспийдегі оқу-жаттығу кезінде ауа-райы күрт нашарлап, қатты жел 19 әскери қызметкерді теңізге алып кетіп, 9 қызметкер суға батып кетті. Үш әскери қызметкер құтқарылды, біреуі ауруханаға жатқызылды. Қалғандары іздестіріліп жатыр. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Ішкі істер, төтенше жағдайлар министрлігі мен прокуратура қызметкерлері оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Бас прокуратура қылмыстық іс қозғалып, жедел-тергеу тобы құрылғанын хабарлады.


Бөлісу