Басты Жаңалықтар Алматыда ₸ 1 млн 700 мың айыппұл төлемеген жүргізуші анықталған

Алматыда ₸ 1 млн 700 мың айыппұл төлемеген жүргізуші анықталған

Алматыда миллиондаған қарызын өтемегені үшін 20-дан аса жүргізушінің көлігі айып тұрағына қойылды. Борышкерлерді қаладағы бейнебақылау камералары мен көлік қозғалысын қадағалайтын цифрлық жүйе анықтаған. Полицияның мәліметінше, тұраққа қойылған көліктердің басым бөлігі шетелдік нөмірмен жүрген. Ең көлемді қарыз Қырғызстанда тіркелген BMW көлігінің иесінде. Оның айыппұлы 1 миллион 700 мың теңгеден асқан. Борышкерлер арасында қазақстандық нөмірлі көліктер де бар. Тәртіп сақшылары жүргізушілерге әкімшілік айыппұлдарды уақытылы төлеуді ескертеді.

Салтанат Әзірбек, қалалық ПД ресми өкілі:
Жол жүру ережесіне немқұрайлы қараған азаматтар әрине, бүгін болмаса ертең жол қауіпсіздігіне үлкен қауіп төндіреді. Өзінің өміріне ғана емес, басқа да жол жүру процесіне қатысушыларға. Сондықтан мұндай деректерге жол бермес үшін, жол ахуалын тұрақтандыру мақсатында «Қорғау» атты алдын алу іс-шарасы өтуде.


Бөлісу