81 жыл: БҰҰ өзгерген әлемге бейімделе ала ма?
Ал Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының 81 сессиясы өтіп жатыр. Жаһандық жиын қыркүйектің 28-не дейін жалғасады. Ашылу рәсімінде Бас хатшы Антониу Гуттериш осы қызметінде соңғы рет сөз сөйледі. Ол жасанды интеллектінің дамуын шектеуге, соғыстарды тоқтатуға және климаттың өзгеруіне назар аударды. Сонымен бірге БҰҰ-ын реформалауға шақырды. Бұл мәселе соңғы кездері жиі қозғалып жүр.
Биыл 24 қазанда БҰҰ-ның құрылғанына 81 жыл толады. Әлемдік ұйым Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін қақтығыстарды болдырмау үшін Ұлттар Лигасының орнына құрылды. Жарғысы 1945 жылғы қазанның 24-де күшіне енді. Алайда ұйым құрылғалы бері әлемдегі геосаяси жағдай түбегейлі өзгерді. Ұйымды реформалау мәселесі осы күндері Нью-Йоркте өтіп жатқан Бас Ассамблеяның 81-сессиясында да көтерілді.
Санаэ Такаичи, Жапония премьер-министрі:
Қауіпсіздік кеңесін шұғыл реформалау қажет. Оның құрылымы 1945 жылғы жағдайға бейімделген.
Ұйымның қызметі Бас Ассамблея, Қауіпсіздік Кеңесі тәрізді органдар арқылы жүзеге асады. Сонымен бірге Халықаралық сот, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, ЮНИСЕФ, ЮНЕСКО бар.
Жалпы реформа БҰҰ-н сын-қатерлерге жылдам жауап беруге бағытталуы тиіс. Бұл мәселені Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 80 сессиясында көтергені белгілі. Еске салайық, Мемлекет басшысы ұйымды жан-жақты реформалау нағыз стратегиялық қажеттілік екеніне назар аударды.
Жақында Оңтүстік Кореяға мемлекеттік сапары барысында да Президент БҰҰ-ның бұрынғы бас хатшысы Пан Ги Мунмен кездесіп, ұйымды қазіргі заман талабына сай бейімдеуге қатысты пікір алмасты. БҰҰ ғаламда экономикалық тұрақсыздық, саяси текетірес күшейген тұста шұғыл әрекет етуге мәжбүр. Бас Ассамблеяның осы аптада басталған отырысында Таяу шығыс пен Украинадағы соғыс, Ормұз бұғазындағы жағдай, климаттың өзгеруі және жасанды интеллект мәселелері - басты назарда.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы