AI-хакатон қатысушылар саны бойынша әлемдік рекордты жаңартты
Астанада өткен халықаралық HackAlem AI хакатоны қатысушылар саны бойынша әлемдік рекордты жаңартты. Шараға 2,5 мыңға жуық адам қатысқан. Соңғы рет осыған жақын көрсеткіш Үндістанның Хайдарабад қаласында ұйымдастырылған шарада тіркелген еді. Онда қатысушылар саны 2 мың 89 адам болған. Есепті GUINNESS WORLD RECORDS ресми төрешісі Гленн Поллард жариялады. Қорытынды құжатқа хакатон талаптарын орындап, белгіленген уақыт ішінде жобалармен жұмыс істеген қатысушылар ғана енгізілген. Қатысушылар жасанды интеллект негізіндегі жобаларды энергетика, қаржы, білім, логистика, телекоммуникация және басқа да 10 бағыт бойынша әзірледі.
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құқықтық мәдениет – дамыған өркениет негізі
24.09.2026, 20:31
Азиада: Ел қоржынына 8 жүлде түсті
24.09.2026, 20:30
Алматы облысында суару жүйесі жаңартылады
24.09.2026, 20:26
Абай облысындағы Байбура асуына жылыту бекеті салынды
24.09.2026, 20:24
Петропавлда көпбейінді кешен салынып жатыр
24.09.2026, 20:19
Almaty SuperSki жобасы 2028 жылы іске қосылады
24.09.2026, 20:18
БҚО-да 293 шақырым тасжол жөнделіп жатыр
24.09.2026, 20:16
81 жыл: БҰҰ өзгерген әлемге бейімделе ала ма?
24.09.2026, 20:10