Almaty SuperSki жобасы 2028 жылы іске қосылады
Almaty SuperSki жобасының туристік инфрақұрылымы үшін 20 гектар жер ғана игеріледі. Бұл – табиғи ландшафтты барынша сақтау үшін қойылған негізгі талаптардың бірі. Жоба жүзеге асса, курорт тәулігіне 10 мыңнан аса адамды қабылдай алады. Мұнда жалпы ұзындығы 60 шақырым болатын тау-шаңғы трассасы мен 11 заманауи аспалы жол салынады. Аумақта жеке вилла мен коттедждер болмайды.Тау курорты тек қысқы спортпен шектелмейді. Almaty SuperSki жыл бойы жұмыс істейтін туристік аймақ ретінде жоспарланған. Жаяу серуендеу бағыттары, отбасылық демалыс орындары мен спорттық алаңдар да қарастырылады. Ал туристер саны артқан сайын оның айналасында қызмет көрсету саласы да қоса дамымақ. Оның төңірегінде туризмге байланысты жаңа кәсіп түрлерін қалыптастырып, мыңдаған жұмыс орнын ашу көзделген, - дейді жоба авторлары.
Ержан Еркінбаев, Kazakh Tourism Development компаниясының бас атқарушы директоры:
Инфрақұрылымды жоба жүзеге асырылса жан-жағында, маңайында шағын және орта бизнес өкілдері ашылып, дами бастайды. Біздің жоспарымыз бойынша орташа алғанда 5 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары ашылады.
Almaty SuperSki – Алматының тау кластерін
дамытуға бағытталған кешенді жоспардың бір бөлігі. Болашақта Шымбұлақ пен
Ой-Қарағай курорттарын Кімасар, Бұтақты және Pioneer арқылы аспалы жолдар мен
тау-шаңғы трассалары жүйесімен байланыстыру көзделген. Жоба аясындағы
көтергіштерді жобалау және өндіру француздық POMA компаниясына тапсырылған.
Курортты 2028 жылдың желтоқсан айында іске қосу жоспарланып отыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы