Петропавлда көпбейінді кешен салынып жатыр
Петропавл қаласында NEOLIFE көпбейінді кешені салынып жатыр. Нысан тұрғын үй, қонақүй, бизнес орталығы және бірқатар коммерциялық ғимараттан тұрады. Жалпы аумағы 43 мың шаршы метр.
Жоба аясында үш 16 қабатты тұрғын үй блогы, 9 қабатты
қонақүй мен 9 қабатты бизнес орталығы қарастырылған. Құрылыс кезінде кешен
абаттандыру жұмыстары мен энергия тиімділігіне басымдық берілмек. Құрылыс
барысында солтүстік өңірдің климаттық ерекшеліктері де ескерілген.
Туран Дерйа, жоба жетекшісі:
Қазір нысанда шамамен 100 адам жұмыс істеп жатыр. Құрылыс жұмыстары биыл мамыр айында басталды. Жобаны келесі жылдың қараша айында аяқтау жоспарланып отыр. Нысанда фитнес-орталық, кафе және мейрамханалар орналасады. Құрылыс жұмыстары өндірістік кестеге сәйкес жүргізілуде.
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құқықтық мәдениет – дамыған өркениет негізі
24.09.2026, 20:31
Азиада: Ел қоржынына 8 жүлде түсті
24.09.2026, 20:30
Алматы облысында суару жүйесі жаңартылады
24.09.2026, 20:26
Абай облысындағы Байбура асуына жылыту бекеті салынды
24.09.2026, 20:24
Almaty SuperSki жобасы 2028 жылы іске қосылады
24.09.2026, 20:18
БҚО-да 293 шақырым тасжол жөнделіп жатыр
24.09.2026, 20:16
AI-хакатон қатысушылар саны бойынша әлемдік рекордты жаңартты
24.09.2026, 20:14
81 жыл: БҰҰ өзгерген әлемге бейімделе ала ма?
24.09.2026, 20:10