Абай облысындағы Байбура асуына жылыту бекеті салынды
Абай облысында «Байбура» жылыту пункті пайдалануға берілді. Нысан «Қалбатау – Майқапшағай» халықаралық автожолының ең жолы ауыр учаскесінде бой көтерген. Байбура асуын әсіресе қыста боранды күндері жүріп өту күрделі. Жылда көліктер қар құрсауында қалып, тіпті тікұшақ пен ауыр әскери техникамен құтқаруған кездер де болған. Жол үстінде жолаушыларға уақытша паналап, көмек алуға қажет бекет бүгін салтанатты түрде ашылды.
2024 жылдың ақпанындағы ауыр қыс көпшіліктің есінде.
Дәл осы Байбура асуында 126 көлік пен 384 адам қар құрсауында сағаттап қалған.
Адамдарды эвакуациялауға Ми-17 тікұшағы мен жол талғамайтын ауыр техника жұмылдырылған
болатын.
Сондықтан қиын жағдайға тап болған жолаушыларға бой жылытуға және қажетті көмек алуға мүмкіндік беретін бекет бекер ашылған жоқ.
Берік Уәли, облыс әкімі:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев көлік-логистика саласын стратегиялық басымдықтардың бірі ретінде атап өтіп, автомобиль жолдарының сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше мән беріп келе жатыр. Жол бойындағы инфрақұрылымның әсіресе төтенше жағдай кезінде дайын болуының маңызы өте зор. Жаңадан салынған Байбура жылыту пункті осы бағыттағы нақты жұмыстардың нәтижесі.
Бекетте бір мезетте 20 адамға арналған демалыс және жылыту орны бар. Асхана, санитариялық тораптар мен жуыну бөлмелері қарастырылған. Сонымен қатар, тікұшақ алаңы, техникаға арналған жылы тұрақ, құм мен тайғаққа қарсы материалдарды сақтайтын, қойма салынған.
Сләмбек Мұқашев, Көкпекті ауылының тұрғыны:
Қыс уақытында осы жерде боран, қалың қар болады. Талай адамдар осы жерде қыста түнеп қалғандар болды. Бейнет көрді. Бүгін міне құрылыс бітіп салтанатты түрде ашылып тұр. Халықтың, жұртшылықтың атынан рахмет айтамыз.
Дархан Иманашев, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы:
Үш жыл бұрын облыс құрылғанда жолдың қанағаттанарлық жағдайы 38 пайыз болса, бүгін 80 пайыздан артық. Үш жылдың ішінде осындай көрсеткішке жетіп отырмыз.
«ҚазАвтоЖол»
ұлттық компаниясы өткен жылы ұзындығы 415 шақырым болатын «Қалбатау –
Майқапшағай» автожол құрылысын қолданысқа берген. Бұл жол – еліміздің шығысын
Қытай және Ресеймен байланыстыратын халықаралық көлік дәлізі. Биыл жол
бойындағы қауіпсіздік арттырылып жатыр. Аялдамалар, көлік тұрақтары мен демалатын
орындар құрылған. Жол белгілері мен жарықтандыру, орташа жылдамдықты автоматты
түрде есептейтін қондырғылар қойылған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы